ИнстаФорекс QR-коды

ИнстаФорекс серіктестеріне қазіргі заманғы маркетингтік құралды — QR-кодты пайдалануды ұсынады, оны сіз қазір серіктестік кабинетінен генерациялай аласыз.

QR-код графикалық код түрінде шифрланған ақпаратты білдіреді. Бұл ақпарат қандай да бір сурет, мәтін немесе серіктестік сілтеме болуы мүмкін. QR-кодынан ақпаратты ұялы телефонның, смартфонның, ноутбуктың немесе орнатылған камерасы бар планшеттік компьютердің әрбір иесі ала алады. Осылайша QR-код ақпаратты, мысалы, серіктестік сілтемені әдеттегі электрондық түрде ғана емес, кез келген физикалық тасымалдаушыларда да орналастыруға мүмкіндік береді.

ИнстаФорекс өз серіктестеріне серіктестік кабинетте тиісті серіктестік сілтемесі бар жеке QR-кодты енгізуді және оны кез келген промо-материалдарға орналастыруды ұсынады. Баннерлерге, буклеттерге, визиткаларға, футболкаларға, плакаттарға, жапсырмаларға және басқа да өнімдерге өз серіктестік сілтемесімен QR-кодты орналастыра отырып, сіз QR-кодтың ақпараты сіздің әлеуетті клиенттеріңіздің ұялы құрылғыларында таратылып қана қоймай, сақталатынына сенімді бола аласыз.

Дегенмен, серіктеске QR-кодты пайдаланудың басты артықшылығы адам QR-кодта шифрланған серіктестік сілтеме бойынша ауысқанда және ИнстаФорекс компаниясында шот ашқанда, ол автоматты түрде QR-код иесінің серіктестік тобына түседі.

ИнстаФорекс өз серіктестеріне оны пайдаланудың қарапайымдылығына және енгізудің ең аз шығындарына байланысты жаңа клиенттерді тарту үшін осы маркетингтік құралды пайдалануды ұсынады.